Алматыда безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 7 маусым - 29 қыркүйекке аралығында безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және безгек масаларының дернәсілдерін азайту мақсатында 7 маусым - 29 қыркүйек аралығында ауданы 14,4 га болатын (Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан) 7 анафелогенді су қоймасында безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық өңдеу шаралары жүргізіледі.

Өңдеу жұмыстары энтомологиялық көрсеткіш бойынша алты кезеңде жүргізіледі.

«Өңдеу жұмыстарын аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының бақылауымен «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы жүргізеді. Жасақталған дезинфекциялық бригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. Дезинсекциялық өңдеу жүргізу үшін «Фаворит» инсектицидті-акаридицтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады (3-4 класс). Масалармен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адам мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады«, - деп хабарлады қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар