Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда білікті мамандар медицина кадрларына үздіксіз кәсіптік білім беру мәселелерін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27 қыркүйекте Алматы қаласында «Үздіксіз медициналық білім беру - қауіпсіздік пен сапа кепілі» атты алғашқы республикалық конференциия өтеді, деп хабарлады ҚазМҮББУ баспасөз қызметінен.

Алматыда білікті мамандар медицина кадрларына үздіксіз кәсіптік білім беру мәселелерін талқылайды

Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ), «Медицина кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту» ҚБ ұйымдастырып отыр.

Конференция бағдарламасы бойынша, қатысушылар медициналық-санитариялық алғашқы көмек, қан айналымы жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау тақырыптарын ортаға салады. Жиын аясында шеберлік сыныптары мен корей-шығыс медицинасы бойынша форум өткізіледі. Конференция жұмысына Ұлыбритания, Финляндия, Корея, АҚШ, Түркия, Ресей, Белоруссия және басқа да елдердің жетекші мамандары қатысады.