Алматыда бір тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырды. Оның 19-ы симптоммен, 4-де індет белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырды

11 адам жазылып шықса, 8 адам ауруханаға жаңадан түсті. 845 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 179 адам жатыр, оның ішінде 2 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 30 адам ем қабылдауда.

7 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 8, High flow-да 3 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 373 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда - 352, симптомсыз 21 науқас бар.