Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 маусым күні Алматыда бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Балалар оркестрінің парадына байланысты 2018 жылдың  31 мамыр және 1 маусым күндері 07.00-ден 13.00-ге дейін Панфилов көшесінің Гоголь көшесінен Бөгенбай батырға дейінгі бөлігінде, және Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би және Төле би  көшелерінің Назарбаев даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі бөлігінде  көлік қозғалысы шектеледі», - деп  хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

ІІД жүргізушілерге алдын ала қозғалыс бағыттарын ойластырып, жоғарыда көрсетілген көшелердегі автотұрақтарға көліктерін қоймауды сұрайды.

Аударма: Тастан Жанатұлы 

Соңғы жаңалықтар