Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірнеше көшенің тұрғындары суық сусыз қалды.
None
None

Бұл туралы «Холдинг Алматы су» мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Бейсенбаев және Московская көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлерге, таңғы сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін Айтиев пен Бөгенбай көшелерінің аралығында орналасқан Жамбыл көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге суық су беру тоқтатылды.

Сонымен қатар, Дулатов пен Жұмабаев көшелерінің аралығында орналасқан Кассин көшесінің бойындағы тұрғын үйлерде, сондай-ақ Якубов (Читинский көшесі мен Беляков көшелерінің аралығы), Читинский (Потанин мен Қазақбаев көшелерінің аралығы), Қазақбаев (Кожедуб пен Читинский көшелерінің аралығы) көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер таңғы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін суық судан ажыратылды.

Соңғы жаңалықтар