Алматыда биылғы жылы электр энергиясы қымбаттамайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, бұл қаржыға биылғы жылы 8 жарық стансылары салынып, 300 шақырымдық электр желісі тартылды. Бұнымен қатар, биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында энергосалаға қатысты 15 жоба жүзеге асырылады. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, бұл энергокешенді дамыту бағытындағы соңғы жылдары жүргізіліп келген жұмыстардың жалғасы. Бұған дейін 2008 жылы бұл бағытта 48 миллиард, 2009 жылы 51 миллиард теңге игерілген болатын. Былтырғы жылы қаланың 6 жарық стансысына қосымша қуаттар енгізілген еді. Қала әкімінің орынбасары 2009 жылдың қыркүйек айында енгізілген жарыққа төлемнің сараланған тарифі электр энергиясын үнемдеуге қол жеткізіп отырғандығын айтады. Бұның нәтижесінде өткен жылы электр желілеріндегі апат 5 пайызға азайған.
Бірақ энергокешенді дамытуға бөлінетін қаржының жыл сайын ұлғаюына қарамастан алдағы уақытта электр энергиясы бағасының өсуі тоқталмайды. «2015 жылға дейін электр энергиясы саласындағы даму бағдарламасына сәйкес тариф өсімі болатынын жоққа шығармаймын», дейді бүгінгі шараға қатысқан «Алматы Энергосбыт» ЖСШ директоры Михаил Гамбургер. Ербол Шормановтың айтуынша, бағаның заңсыз өсуіне жол берілмейді. «Мүмкіндігінше құзырлы органдар арқылы бағаның өсуін тежеуге тырысамыз. Мәселен, биылғы жылы электр энергиясы қымбаттамайды», дейді Ербол Шорманов.