Алматыда «Біз ? интернационалистерміз» атты акция аяқталды

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бұдан бұрын хабарланғандай, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуына орай, ақпанның 3-6-сы аралығында Алматы қаласында «Біз – интернационалистерміз» атты халықаралық акция өтті. Бүгін журналистермен кездескен ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, «Халық қаһарманы»,
None
None
генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев осы шараны қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ауқымды халықаралық деңгейдегі басқосуға Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары жанындағы Жауынгер-интернационалистер ісі жөніндегі комитет өкілдері, ТМД және Балтық елдерінің ардагер-интернационалистері, сондай-ақ қазақстандық Ауған соғысы және жергілікті қақтығыстар ардагерлері одақтарының мүшелері, барлығы 350-ге тарта делегат қатысты. «Біз ? интернационалистерміз» акциясы жұртшылық арасында қолдау тапты. Ауған соғысына қатысқандар - қоғамның маңызды бөлігі екендігі аңғарылды», дейді генерал-лейтенант Б. Ертаев. Акция барысында ЖОО-да, мектептерде және әскери білім беру ошақтарында ТМД елдерінің интернационалистері «Батылдық» сабақтарын өткізді. Бұл «кейінгі буынның патриоттық сезіміне, отансүйгіштігіне үлкен әсер еткені сөзсіз», дейді Б.Ертаев.
Соңғы жаңалықтар