Алматыда «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» шеруіне мыңнан аса әскери қызметші қатысты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Бүгін Алматыда жауынгер-панфиловшылардың Мәскеуді қорғау барысында көрсеткен ерліктеріне 75 жыл толуына орай өткізілген «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» акциясы аясында қала көшелерімен мыңнан аса әскери қызметші жүріп өтті.
None
None

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өткізудегі басты мақсат - жас қазақстандықтарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.

«Алматыда жергілікті атқарушы органдар және Алматы қаласын қорғау істері жөніндегі департаменттің қолдауымен «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» атты акция бірнеше күннен бері жүргізіліп келеді. Бұдан 75 жыл бұрын Алматы қаласында құрылған 316-шы атқыштар дивизиясы Мәскеу қаласын неміс басқыншыларынан ерлікпен қорғап, жауды кейін шегіндірген болатын. Біз бұл ерліктерді ерекше мақтанышпен еске аламыз», - деді Алматы қаласы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, полковник Ермұхан Аспамбетов.

Шеру Бөгенбай батыр мен Қонаев көшесі қиылысындағы ескерткіштен басталып, 28 панфиловшылар атындағы саябақта аяқталды.

Мәңгілік алау алдында бүгінгі шараға қатысушылар Мәскеуді қорғау барысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

«Көпұлтты Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске айтарлықтай үлес қосты. Соғыс жылдары елімізден әскер қатарына - 1 196 164 жауынгер, ал еңбек армиясына - 700 мыңнан астам адам шақырылды.

Қазақстанда 21 атқыштар, 4 квалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге тарта жекелеген полктік батальондар жасақталды. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз 4 жылға созылған сұрапыл соғыста ерліктің талай тамаша үлгілерін көрсетті.

Мәскеу үшін болған шайқастарды талай тарихшы зерттеді. Бірақ, әлі күнге дейін сол кездегі оқиғаларға қатысты көптеген құжаттар ашылған жоқ. Бірақ қолда бар мәліметтердің өзінен-ақ, шайқастардың қалай өрбігенін білуге болады», - деді өз сөзінде «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы генерал-майор Рүстем Қайдаров.

Айта кетелік, Алматыда осыдан бір апта бұрын «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» атты Халықаралық еске алу вахтасының байрағы Екатеринбург қаласына берілген болатын. Бұл байрақ кейін ТМД елдерінің басқа да қалаларына жеткізіледі.
панфиловцев панфиловцев панфиловцев панфиловцев панфиловцев панфиловцев панфиловцев панфиловцев панфиловцев

Соңғы жаңалықтар