16:51, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Алматыда бокстан Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған Халықаралық турнир басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясында бокстан студент жастар арасында Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған Халықаралық турнир басталды.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Бес күнге созылатын бұл жарысқа барлығы 120 боксшы қатысуда. Олардың ішінде 3 боксшы Қырғызстаннан тағы үшеуі Өзбекстаннан келді. Біріккен Араб Әмірлігінен де келуі керек еді. Бірақ, өкінішке қарай келе алмай қалды. Осымен 14-ші рет өткізіліп отырған бұл турнир Халық Қаhарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға және осы Қазақтың спорт және туризм академиясының 70 жылдық мерейтойына арналып отыр», - деді өз сөзінде қазақтың аталмыш жоғары оқу орнының бокс және ауыр атлетика кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Қасымбеков.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы 7 қыркүйекте Ресейдің Якутск қаласында бокстан студенттер арасында әлем біріншілігі өтеді. Сол чемпионатқа баратын қазақстандық былғары қолғап шеберлері осы турнирде іріктелетін болады.