Алматыда «Болашақ бүгіннен басталады» креатив-зертханасы жұмысын бастады

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің 2012 жылғы Жолдауында елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағыттарының арасында «оқытудың тиімді жүйесін құру», «еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру», «адами әлеуеттің сапалы өсімі» аталды.

Алматыда «Болашақ бүгіннен басталады» креатив-зертханасы  жұмысын бастады

Өскелең ұрпақтың рухани әлеуетінің дамуына үлес қосуға тырысқан С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы негізгі мақсаты - кітаппен жұмыс жасау тәжірибесін балалардың бойында патриотизм, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, еңбекке қызығушылық сияқты құндылықтарды тәрбиелеу; кітапханалардың мектеп оқушыларының бойынша функциональдық салауаттылықты дамытудың жаңа технологияларын қолданудағы стандартты емес формаларын сынақтан өткізу болып табылатын «Болашақ бүгіннен басталады» креатив-зертханасының отырысын өткізуде.

Шара барысында кітапханалардың тәжірибелік қызметі жұмысының инновациялық формаларының тұсаукесерлері, іскерлік кәсіби тыңдаулар, шығармашылық олжа үшін клип, UNI жылжымалы модульдік кітапханасының тұсаукесері өткізілуде.

Зертхана аясында ҚР ЖОО-лар қауымдастығы, Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдерінің сөз сөйлеулері жоспарланған.

Зертхана жұмысына облыстық балалар, мектеп кітапханаларының, Алматыдағы ЖОО-лар мен колледждердің кітапханалары, ҮЕҰ, қоғамдық және халықаралық қорлардың өкілдері қатысуда.