14:27, 01 Шілде 2012 | GMT +5
Алматыда брейк-данс стиліндегі үздік бишілер анықталды
АЛМАТЫ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Алматының орталық алаңында биді өмірінің бір бөлшегі санайтын пластика мен қозғалыс шеберлері «батл» ұйымдастырды.

Бұл шара барысында ең үздік деген атаққа ие болу үшін жеке жандар ғана емес, тұтас командамен келгендер де бар. Олардың ішінен әуесқойларды да, кәсібилерді де кездестіруге болады деп хабарлайды mir24.tv .
Қандай стильде өнер көрсетеді - all-styles, Popping, Hip-hop, Street dance стилінде ме- ол жағын қатысушылардың өздері таңдайды. Қазылар алқасы ең бастысы - орындалу техникасы мен сонылығына назар аударады. Black Jack хип-хоп әйелдер тобы сайыс жеңімпазы атанды, оларға шараның басты сыйлығы- 300 доллар табыс етілді.
Айта кетейік, байқау арасындағы үзілісте де алаңда би ұйымдастырылды, онда өтіп бара жатқан адамдар мен көрермендер де өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.