Алматыда «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ҚР-ның қаржы саласын дамыту тұжырымдамасы» атты дөңгелек үстел өтті
Бұл жайында бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік саясат және экономика институтының басшысы Олег Рахматулин «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ҚР-ның қаржы саласын дамыту тұжырымдамасы» атты дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
О.Рахматулиннің айтуынша, мемлекеттік реттеу құрылымдары мен қаржы институттарының қызметтерінде әлсіз тұстар анықталған. «Қаржы институттарының кемшіліктері қатерді басқаруды жетілдіру қажеттігімен корпоративті басқарудың жеткіліксіз дамуында және қаржы секторындағы бизнес-үлгілердің тиімсіздігінен байқалады», дейді ол.
Қазақстан 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында дағдарыстан кейінгі даму мақсатында іскерлік климатты жақсарту, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мен болашақ сапалық өсімге негіз бола алатын тіректі құқықтық ортаны қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қарастырылған болатын.
Шараға экономика саласының мамандары мен сарапшылар қатысып дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы саласының тұрақтылығын нығайту, қаржы саласын қадағалау және реттеу жүйесін жетілдіру, корпоративті басқарудың сапасы мен қаржы ұйымдары жұмысының ашықтығын дамыту мәселелерін кеңінен талқылап, баяндамалар оқыды.