11:29, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматыда дәмхана өртенді: 10 газ балоны шығарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би көшесінде орналасқан "Сюзанна" дәмханасында өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы хабарлама таңғы 9:20-да түскен. Тілсіз жау дəмхананың жазғы алаңының 10-15 шаршы метр аумағын зақымдаған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт электр плитасы мен тоқтың қысқаша тұйықталуынан болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 25 литрлік 8, 50 литрлік 2 газ балонын, 1 оттегі балонын сыртқа шығарған.