19:07, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда Дәрібаевтар ансамблінің алғашқы шоу-концерті өтеді
АЛМАТЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қарашаның 27-сі күні Алматы концерт залында Дәрібаевтар ансамблінің алғашқы шоу-концерті өтеді.

Концертте Дәрібаевтар ансамблінің көпшілікке белгілі ретро әндерімен қатар, жаңа әндері орындалатын болады.
Концертте сондай-ақ, «Күлкістан» әзіл-ысқақ отауы, «Аян» тобы, «Ильяс - Гүлден» дуэті, «Керім-ай», «Жетісу жұлдыздары» және "Жорға" би топтары өнер көрсететін болады.
Дәрібаевтар отбасылық ансамблі 1990 жылы Шымкент қаласында құрылған. Ансамбльдің жетекшісі Ибрагим Дәрібаев. Ансамбль қазақ эстрадасында алғашқы кассетасындағы әндермен елге тез танылды. "Жас жұбайлар", «Аман бол», "Оқ сияқты", «Нұрлы арман», "Айтшы жаным", «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» т.б әндері халықтың жүрегінде қазір де ерекше орын алуда.