Алматыда дәстүрлі субұрқақ мерекесі өтті

Ы. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда кеше кешкісін жылсайын аталып өтілетін дәстүрлі "Субұрқақ мерекесі" өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қысқы үзілістен кейін барлық субұрқақтар жергілікті уақыт бойынша кешкі 20.00-де іске қосылып өз жұмысын бастады. Барлық ауданда эстрада жұлдыздарының және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар, сонымен қатар театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Негізгі шаралар Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда өтті. Жиналған қауымға «Мегаполис» шоу тобының орындауында Леонарда Бернстайнаның «Вестсайд тарихы» және «Маскалар» мюзиклі көрсетілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақатары вокалды ансамбльдің және би ұжымдарының орындауында Ирвинг Берлиннің «Putt in the rist» мюзиклін тамашалады.

"Субұрқақ мерекесі - бұл керемет дәстүр! Біздің жас кезімізде субұрқақтар маңында достарымызбен кездесіп тұратынбыз және әр түрлі кездесулер өткізетінбіз. Бүгінде тұрғындардың бұл дәстүрді ұмытпағаны қандай жақсы. Алматы субұрқақтары әрдайым демалыс орны бола беретіндігіне қуаныштымын", деді алматылық Валентина Калачева.

Алматыда бірінші субұрқақтар 1948 жылы пайда болды. Ол бүгінгі таңда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында тұрған субұрқақ. Сонымен қатар, сол жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры маңында, Астана алаңында, сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" ғимаратының алдында ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар