Алматыда демалыс орталықтарының арасында үстел теннисінен сайыс өтуде

Ы. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Азиадаға 1- жыл қалды!» ұранымен қаладағы демалыс орталықтарының арасында, өткен сенбіде үстел теннисі жарысының салтанатты ашылуы өтті,

Алматыда демалыс орталықтарының арасында үстел теннисінен сайыс өтуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2011 жылы Алматы қаласы мен еліміздің астанасы Астана қаласы Қысқы Азия ойындарының кезекті қонақтарын, сондай-ақ көптеген туристер легін қарсы алады.

Қазіргі уақытта қалаларда аталмыш ойынды өткізуге байланысты орасан дайындық жұмыстары жүргізіліп, спорттық кешендер мен қонақүйлер салынып жатыр және де идеологиялық жұмыстарға да көп мән берілуде. Осыған орай «Азиада-2011» VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры бүгінгі сайысты ұйымдастырып отыр.