Алматыда діни экстремизм, сепаратизм мен мен лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өтуде

АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығында діни экстремизм,
None
None

сепаратизм және лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы басқосу өтіп жатыр. Оған қалалық ішкі істер департаменті, прокуратура, ішкі саясат басқармасы, Дін істері агенттігінің қалалық департаменті өкілдері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының мамандары және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілдері қатысуда.

"Соңғы уақытта елімізде бірқатар лаңкестік оқиғалар орын алып, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды. Бұл оқиғалар құзырлы органдар тарапынан діни экстремизм, лаңкестік деп бағалануда. Осыған орай жастардың көкейінде жүрген сауалдарды талқылап, өзара пікір алмасу үшін осы шараны ұйымдастырып отырмыз", - дейді орталықтың қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Жомарт Айтқазы.

Соңғы жаңалықтар