Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың ескертішіне гүл шоқтары қойылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласының мәдениет басқармасы мен Д.А. Қонаев мұражай-үйінің ұйымдастыруымен «50 жыл, 6 ай, 2 күн бірге өткен ғұмыр» көрмесінің ашылуы болып, «Д.А. Қонаев мемлекет және қоғам қайраткері» атты арнайы экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар аталмыш қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті және «С любовью по жизни» фильмнің бастамасы көрсетілді.
Шараға Д. Қонаевтың туған-туыстары, қызметтес әріптестері, қоғам қайраткерлері, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары және Алматы қаласының тұрғындары келді.
«Екі жылдан кейін халқымыз Димекеңнің 100 жылдығын атап өтеді, бүгінгі жиналған жұрттың көптігі оның есімінің өшпейтіндігін көрсетеді. Ол кісі өте ерекше туған тұлға, өте білімді адам. Оның ең жақсы бір қыры - ұйымдастырушылығы еді. Жас кезінде Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыған, Мұхамеджан Тынышбаевты өмірлік үлгі еткен, оны өзі айтып жүретін. Мен өмір бойы Димекеңе алғыс сезімде болам», дейді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.
«Бүгін қазақтың ардақты, бір туар азаматы Д. Қонаевты еске алуға мұражайына келіп отырмын. Халқы үшін ерен еңбек еткен азаматтың отбасы, қызметінен сыр шертетін заттарды мұражайдан тамашалаудамыз. Жастарымыз осындай азаматтан үлгі алып, келешекте қазақтың даңқын көтерсін деген тілектемін. Мен елге еңбегі сіңген дәрігермін, осы Димекеңнің қолынан мақтау қағазын алғанымды ешқашан ұмытпаймын. Ол кісінің тұсында көптеген әдемі зәулім ғимараттар, Алматы су арнасы, Медеу мұз айдыны және көптеген мәдени ошақтар салынды. Сондай-ақ адамдардың тынығуы үшін көптеген шипажайлар сол кісінің бастамасымен салынған еді», дейді елімізге еңбегі сіңген дәрігер Семен Шериязданов.