Алматыда Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күніне арналған ақпараттық кампания басталды

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Мақсатты бағытымыз нөл. Жаңа АИТВ инфекциясы - нөл. Кемсіту - нөл. СПИД зардаптарынан болатын өлім-жітім - нөл» деген ұранмен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күніне арналған ақпараттық кампания басталды.
None
None

Желтоқсанның 10-ына дейін жалғасатын ақпараттық насихаттық жұмыстар барысында Алматыдағы мектептер мен ЖОО-да, сондай-ақ кәсіпорындарда СПИД жұқпасына қарсы әсер ететін алдын-алу шараларын күшейтуге және өз денсаулығына жауапкершілікті арттыруға бағытталған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, конкурстар, акциялар өткізілетін болады.

Қаланың барлық аудандарындағы колледждерде «Қызыл лента» эстафетасы ұйымдастырылып, СПИД жөніндегі ақпараттық парақшалар таратылады. Жоғары оқу орындарында «Стигма, кемсіту, адам құқығын бұзу» тақырыбына пікірсайыс өткізіледі, ол жерде ВИЧ-ке қарсы тексерілу үшін жылжымалы зертхана қызмет көрсетіп, ақпараттық білім-беру әдебиеттері таратылады. Шара барысында сондай-ақ, №120 орта мектепте дайындалған еріктілер арасында «Сенің болашағың - сенің таңдауың» атты шығармашылық есеп беру қорытынды шарасы өтеді. Ақпараттық науқан кезіндегі іс-шаралардың басым бөлігі ағарту ақпарат беруге бағытталған.

Айлық ішінде бұл шаралармен қатар, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және қалпына келтіру орталығында және балалар колониясында оқыту тренингтері, сонымен қатар, жүкті әйелдер арасында «Біз дені сау ұрпақ үшін» тақырыбында дәрістер өтеді.

Соңғы жаңалықтар