Алматыда екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші ауыр жарақат алды
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.
Бейнежазбададан бір көліктің, екінші көлікке жол бермегенін көруге болады. Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рульге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Көліктің астында қалған адам ауыр жарақат алды.
Дәрігерлердің айтуынша, 40 жастағы адам жедел жәрдем көлігімен таңғы сағат 8: 37-де №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
«Науқасқа жабық ми жарақаты, ми шайқалуы, теріасты гематомалары, мұрын сүйектерінің ашық сынуы, омыртқаның көлденең жабық сынуы диагнозы қойылды. Сонымен қатар, оған екінші дәрежелі травматикалық шок қойылды. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Қарқынды терапия жағдайында қажетті ем жүргізілуде», - деді №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.