Алматыда екі жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда көлік қағып кеткен екі жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға Ғанибет пен Қарағанды көшелерінің қиылысында болды.

«Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы - абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар