Алматыда екінші рет медиа-құрылтай өтеді

АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Алматыда қарашаның 13-інде «Rixos» мейманханасында екінші медиақұрылтай - бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы конференция өтеді,

Алматыда екінші рет медиа-құрылтай өтеді

деп хабарлайды бұл шараны ұйымдастырушы және жобаның бастамашысы Қазақстандық баспасөз клубы.

Оның басты тақырыбы - «Дағдарыс жағдайындағы БАҚ индустриясы. Қазақстанның медиа-нарығының проблемалары мен перспективалары».

Конференцияда 150 қатысушы бас қосады деп күтілуде, олардың арасында БАҚ иелері мен басшылары, БАҚ нарығын кәсіби дамытуға мүдделі бизнес-құрылымдар, Қазақстанның барлық аймақтарынан баспа үйлері, теле-, интернет- және радиокомпаниялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар болмақ.

Қатысушылар кең ауқымды мәселелерді талқылайды: қазақстандық БАҚ нарығының жағдайына дағдарыстың әсері, халықаралық нарықтағы медиа-саланың даму үрдістері, медиа-активтерді басқару жолдары, дағдарысқа қарсы менеджменттің тәжірибесі мен практикалық шешімдері, аймақтық БАҚ нарығының келешегі, жаң заңнамалар жағдайында Интернет-медианы дамыту, қазақтілді БАҚ-тарды дамыту модельдері мен проблемалары. Сондай-ақ редакцияларды басқарудың жаңа технологиялары, іскерлік БАҚ-ты дамыту және басқа да мәселелер бойынша шеберлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.   

Қазақстандық баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылованың атап көрсетуінше, «2008 жылы өткізілген алғашқы медиа-құрылтайды оған қатысушылар мен сарапшылар жоғары бағалады, елімізде осындай пікірсайыс алаңының аса қажет екенін атап өтті. Өткен жылы конференция жұмысына 100-ден астам адам қатысты, бұл шара Қазақстанның БАҚ-тарында және таяу шетелдердің мамандандырылған БАҚ-тарында кеңінен жарияланды».  

Шараның бас әріптесі - Сорос-Қазақстан қоры, бас демеушісі - GSM Қазақстан/Kcell компаниясы.

Бүгінгі күні конференцияның ақпараттық әріптестері болуға «Панорама», «Капитал.кз», «Новое поколение», «Фокус» газеттері, «National Business», «Эксперт Казахстан», «Центр Азии» журналдары, «КТК», «7-ші арна» телеарналары, «Арна медиа» және  «Бизнес ресурс» холдингілері, «Gazeta.kz» және «Zona.kz» интернет-басылымдары тілек білдірді.