Алматыда экономикалық белсенді халыққа шаққанда, жұмыссыздық 0,8 пайыз деңгейінде тұрақтанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда дағдарысқа қарсы шаралар негізгі 2 құжаттың аясында жүзеге асырылып жатыр. Қалалық дағдарысқа қарсы бағдарламада 103 миллиард теңге, ал «Жол картасында» 25 миллиард теңге қарастырылған. Оны дәйекті түрде жүзеге асырудың арқасында 45 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар көлік инфрақұрылымы, энергетика, әлеуметтік салалар мен 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары өтетін нысандарда жұмыс жасауда.
«Мемлекеттік тапсырыс-2009» акциясы бойынша біздің барлық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар 20,7 миллиард теңгенің мемлекеттік сатып алуын жасады. Біздің бастамамыз бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына кіретін 17 ұлттық компания қала кәсіпорындары арасында жәрмеңке өткізген болатын. Олардың деректеріне қарағанда, алматылық тауар өндірушілермен 276 миллиард теңгенің келісім-шартына қол қойылды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдаудың 3-ші траншы аясында 117 миллиард теңгенің 46,5 миллиарды Алматы қаласына бөлінді. Мемлекет тарапынан сондай-ақ үлескерлер мен ипотека алушыларға үлкен қолдау көрсетілуде», дейді Ахметжан Смағұлұлы.