Алматыда Елбасы бастамасымен ашылған Алатау ауданының бес жылдық мерейтойы өтті

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданында бес жылдың ішінде 9 мектеп, 3 емхана, 11 балабақша, 200-ден астам көп қабатты тұрғын үйлер салынып, 11 мың адамға жаңа жұмыс орындары ашылды.
None
None

Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алатау ауданының бес жылдық мерейтойында айтты.
"124 шағын электр жүйесі, 34 шақырым су құбырлары тартылып, газ құбырларының 98 пайызы салынып бітті. 37 мың шаршы метрлік арықтар жөндеуден өткізіліп, 18 шақырым су арналары мен Үлкен Алматы, Боралдай өзендерінің арналары қайта жаңғыртылды. Аудан ашылған кезде көшелер саны 299 болса, қазір 502-ге жетіп, олардың ұзындығы 202-ден 419 шақырымға жетті. Сондай-ақ жаңадан 55 шақырым жол салынып, 165 шақырым көшеге асфальт төселді", - деді А.Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, осы кезеңде 4658 жер телімдері рәсімделіп, соның арқасында 40 мың адам толыққанды қала тұрғыны атанды. Олардың жұмысқа орналасуға, әлеуметтік көмек алуына жол ашылды.
Ахметжан Смағұлұлының сөзіне қарағанда, осы кезеңде республикалық және жергілікті бюджеттен ауданның өсіп-өркендеуіне 128 млрд. теңге ақша жұмсалып, 32 млрд. теңге инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде өнеркәсіп 5,5 есе өсіп, 27 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Тұрғын үйді пайдалануға беру 11 есе өсті. Ал бюджеттік түсім былтыр 14,5 млрд. теңгені құрады. Биыл аудан әкімшілігі оны 20 млрд.теңгеге жеткізуді межелеп отыр.

Соңғы жаңалықтар