Алматыда Елбасының қатысуымен «Ғылым мен инновация» көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Alatau IT City ақпараттық технологиялар паркінде және «Ғылым мен технология» көрмесінде болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көрме Қазақстанда инновациялық жүйені және инновациялық даму үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға арналған. Елдің алты өңірінен 50 экспонат арасында ? университеттер мен технопарктер, мемлекеттік құрылымдар, венчурлық қорлар, қаржыландырылған тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық жобалар, сондай-ақ инновацияны өндіріске енгізіп отырған компаниялар бар. 120-дан астам ғылыми жұмыстар мен инновациялық жобалар қойылған. Көрмені ұйымдастырушы ? «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқатын қорының құрамына кіретін «Ұлттық инновациялық қор» АҚ.Көрме еліміз кәсіпорындары мен ұйымдарының инновациялық әлеуетін көрсетті. Мысалы, «Ғылым және инновациялар-2009» деп аталатын экспозицияда S.09.kz ұйымының анықтамалығымен біріктірілген қаланың электронды картасы («Алстрон» компаниясының жобасы); технопарк аумағын сырттай жарықтандыруды толықтай қамтамасыз ететін Alatau IT City аумағында орнатылған фотоэлектрстансысы («НИФ» АҚ және «ND&CO» ЖШС жобасы); «Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу» зертханасы (Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті); эмбриондарды өндірістік трансплантациялауға ? өнімділігі жоғары мүйізді іріқара малды жеделдетіп шығару технологияларын енгізуге негізделген «Қазагроинновация» АҚ жобасы; электрлі-термофосфорлы шлактар негізінде синтетикалық волласты жіп алу технологиясы (Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық технопаркінің жобасы), жылу электр стансыларының қазандықтарында қатты отынның плазмалық тұтануының перспективалық технологиясы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жобасы) ұсынылған.Қазақстанда 2005 жылы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бойынша бағдарлама қабылданғаны белгілі. Елімізде инновациялық жүйенің төрт элементі қалыптастырылған: ғылым, инновациялық инфрақұрылым, инновацияларды қаржыландыруға арналған инфрақұрылым, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізуші компаниялар. Қазақстанда ашық үлгідегі инновациялық жүйе салынып жатқанын айта кеткен орынды, ол технологиялардың трансфертін, сондай-ақ мемлекет-жеке әріптестікті білдіреді.
Соңғы жаңалықтар