Алматыда энергетика күніне арналған журналистер үшін байқау жарияланды

АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат  /Екатерина Ионова/ - Энергетика күніне орай Алматыда журналистерге арналған байқау жарияланды.
None
None

Оның қорытындылары желтоқсанның 22-сінде - осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде шығарылады.

Байқауға «Тұтынушы» және энергетика», «Алматы аймағын электрмен қамту», «Қазақстанда энергия тұтыну және энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру», «Энергетиканы дамыту келешегі», «Кәсібім - энергетик» тақырыптарына түсіндіру, сараптама, ақпараттық жарияланымдар, жаңалықтар немесе сараптамалық телесюжеттер қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады. Бұл марапаттардан басқа алғашқы үш  орынға қосымша бес жүлде тағайындалды.

Ұйымдастырушы - «АлматыЭнергияЖабдықтау» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар