Алматыда ер адам қолдан ішімдік жасап сатқан

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам алкогольдік ішімдіктерді қолдан жасап сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздестіру барысында МКД экономикалық тексеру қызметінің мамандары Алатау ауданындағы үйлердің ауласындағы астыртын цехті әшкереледі. Ер адам спирт пен суды араластырып, белгілі ішімдік өнімінің бөтелкелеріне құйып келген.

Тексеру барысында 5 белгілі марка өнімінің есептік бақылау маркалары жапсырылған 1350 бөтелке, 1500 есептік бақылау маркасы, стақандар табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті алкогольдік ішімдіктерді сатып алған кезде міндетті түрде чек талап етуді ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар