Алматыда ересектер арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 10-11-і күндері Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған еліміздің 14 облысының және Астана мен Алматы қалаларының өкілдері қатысады. Белдесулер 7 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Ел чемпионатының нәтижесі бойынша әртүрлі құрлықтық және әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жасақталмақ. Аталмыш чемпионат «Қазақстан» телеарнасында трансляцияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар