Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный серіктестік басшысынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлйады ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды.

Олар қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсті.

«Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады ведомстводан.