Алматыда есірткі саудагеріне айналған бұрынғы баукеспе ұсталды

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда есірткі саудагері ұсталды. Адам тонағаны үшін 3 жыл түрмеде отырып, жақында ғана жазасын өтеп шыққан 36 жасар келіншек өзін жаңа кәсіпте сынап көрмек болған.
None
None

«Наталья есімді бұл азаматша бірнеше ай бойы есірткі таратумен айналысып келген. Біз оны 300 грамнан астам гашишті өткізу кезінде қолға түсірдік. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Денис Лоскутов. Оның айтуынша, Жамбыл облысында өмірге келген ол темір тордың арғы жағында отырып шықса да, одан еш сабақ алмаған. Теергеушінің сұрақтарына сабырлы жауап берген бұрынғы баукеспе өзінің бұл қылмысына да еш өкініш білдірмейді. Бұған дейін Алматыда құрбысының үйінде тұрып келген ол өзі де есірткі тұтынғандықтан, нәпақасын қылмыстық жолмен тауып отырғаны анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар