Алматыда «Эйр Астана» авиакомпаниясының 10 миллионыншы жолаушысы тіркелді

p; Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматыда  «Эйр Астана» авиакомпаниясының   10 миллионыншы жолаушысы тіркелді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолаушы тіркеу автоматы жүйесінің кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталды. Ол Шымкент қаласының 51 жастағы тұрғыны Сәуле Исабекова болып шықты. Оның есімі Шымкент-Алматы бағытымен ұшатын КС  972 рейсіне тіркелген кезде жарияланды. Бүгінгі күн бұл жолаушыға ерекше күн болғаны сөзсіз. Өйткені, әуе компаниясы 10 миллионыншы жолаушыға сыйлық ретінде эконом-сыныпта отырған оны, бизнес-сыныпқа ауыстырып отырғызды. Алматыға қонғаннан кейін жолаушыны әуежайда  «Эйр Астананың»  өкілдері гүлмен қарсы алып, осы компанияның вице-президенті Асхат Бейсенбаев, кез келген елге бизнес-сыныппен барып -қайтуға екі билетті Сәуле Исабековаға салтанатты түрде табыстады.  Марапаттау рәсіміне бұқаралық ақпарат құралдары да қатысты. Қуаныш иесінің құрметіне  әнші Нұрлан Абдуллин ән шырқады. Рәсім аяқталғаннан кейін Сәуле Исабекованы және оны қарсы алған туыстарын компания ақ лимузинмен үйлеріне  жеткізіп салды.

Бұл рейстегі барлық жолаушыларға кәдесыйлар, қымбат шараптар мен салқын сусындар, ыстық тағамдар ұсынылды. 

«Эйр Астана» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті Асхат Бейсенбаев: «Бүгінгі күн - әуе компаниясының тарихында елеулі күн болып табылады. Жеті жыл жұмыс барысында біздің ұшақтарымыз 10 миллион жолаушы тасыды. Бұл ұлттық тасымалдаушының сәтті, қарқынды дамып келе жатқанының  айғағы. Біздің табысымыз -  жолаушылар бізге сенім артқанының жемісі», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар