Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда «Ғаламдық экономикадағы дағдарыс: ағымдар және мүмкіндіктер» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Ғаламдық экономикадағы дағдарыс: ағымдар және мүмкіндіктер» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр,

Алматыда «Ғаламдық экономикадағы дағдарыс: ағымдар және мүмкіндіктер» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті ұйымдастырып отыр. Бұл жиынға университет қарамағындағы институттар, колледждер, ғылыми-зерттеу орталықтары, факультеттер мен кафедра жетекшілері атсалысуда. Сондай-ақ бүгін осы жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылар қауымы алдында қаржы дағдарысы туралы дәріс оқыған ресей «Экономикалық талдаулар институты» қорының президенті, АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Катон институтының аға ғылыми қызметкері Андрей Илларионов мейман ретінде қатысты. ҚР ҰҒА академигі Ораз Баймұратовтың пайымдауынша, мемлекеттің қаржы нарығын қолдауға байланысты дағдарысқа қарсы қабылдаған шаралары өз нәтижесін беруде. Ал экономика ғылымының докторы, ҚР білім беру ісінің үздігі Ұзан Ысқақовтың пікірінше, бұл дағдарыс кезінде ТМД елдерінде ең үздік деп саналатын отандық банк жүйесінің олқы тұстары айқын аңғарылды. «Оған банк активтері мен оның сапасын және жеке капиталды мысалға келтіруге болады».