Алматыда ғалым Патшайым Тәжібаева туралы кітап жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш кітап «Арда» баспасынан 1000 данамен шықты. Кітапта ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің, достарының Патшайым Тәжібаева туралы жазған пікірлері мен естеліктері, ғалымға арнаған өлең жырлары, естелік-эсселері топтастырылған. Кітапты құрастырғандар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, академик, профессор Құралай Қошқарова.
«Табиғи таланты мен табанды еңбегі арқасында ғылымда жаңалық ашқан тұңғыш қазақ қызы Патшайымды халқымыздың дара тұлғалары Шара Жиенқұлова, Дина Нұрпейісова, Күләш Байсеитова сынды дана тұлғалар қатарынан көремін. Ол нағыз - «Қазақтың патшайымы, ғылымның ханшайымы, бірінші әйел геологы». Оның еңбектері қашанда өзекті болып табылады», дейді Қазақстан Халықтар достығы университетінің президенті, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Қуатбеков.