Алматыда ғасыр індетіне шалдыққандардың 70%-і дәрімен қамтылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер Адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін адамдарды антиретровирустық терапиямен қамтуды 74% -ке дейін арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде антиретровирустық терапия Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын алдын алудың (ЖИТС) және АИТВ+ дертінен адамдардың денсаулығын сақтап қалудың жалғыз жолы.

Бұл терапияның арқасында 30 жылдың ішінде АИТВ өлімге әкелетін қауіпті дерттен созылмалы түрге өтті. Антиретровирустық терапияның арқасында аурудың дамуын қадағалауға болатындығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындады.

Жүргізілген зерттеулер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда антиретровирустық терапияны ертерек бастау, оппортунистік инфекция ауруларын және өлім көрсеткіштерін төмендететіндігін анық көрсетті.

Қазіргі уақытта ДДҰ сарапшылары антиретровирустық терапияны, СД4 клеткаларының санына және аурудың клиникалық кезеңіне қарамастан барлық АИТВ-сы бар жүкті әйелдерге де бастауды ұсынып отыр.

АИТВ-мен ауырған адамдарға препараттарды сатып алу қажет емес, оны олар ЖИТС Орталығынан тегін алады.

Сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын аталған препараттардың күніне 4-6 таблеткасын ішу керек болған, ол кейбір қиыншылықтарға әкелген болса, ал қазір бір немесе екі таблеткамен шектелуге болады. Бүгінде Орталықтағы пациенттердің көпшілігі жаңа кестемен емделуде.

«Кейбір науқастар АРТ-препараттарын қолданудан қорқады, олардың жағымсыз әсерлері бар деп ойлайды, ал соңғы шыққан дәрілер оны теріске шығаруда. Құтқару терапиясының арқасында біздің пациентерде вирустық жүктеме төмендеуде, нәтижесінде ауру өршуін тоқтатады» - дейді , Алматы қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Талғат Бапиев.

Соңғы жаңалықтар