Алматыда газ баллонынан шашылған газдан зардап шеккен 13 адамның он екісі бүгін ауруханадан шығарылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 30 қаңтар күні №129 орта мектепте бұрышты газ баллонынан шашылған газ салдарынан зардап шеккен 13 адамның 12-ісі бүгін аураханадан шығарылады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз брифингінде мәлім етілді.

Алматыда газ баллонынан шашылған газдан зардап шеккен 13 адамның он екісі бүгін ауруханадан шығарылады

«Барлығы 13 адам зардап шекті. 11 мектеп оқушысы - №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына, қалған 2 адам - Алматы қ. Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Бірақ, бір бала ауруханаға жатудан бас тартты. Қазір барлық ересектер мен 9 бала ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Олардың халі қанағаттанарлық. Ал тағы бір бала аллергияға байланысты аураханада жата тұрады», - деді Алматы қ. Денсаулық сақтау Басқармасының бас оташысы Нұржан Исабеков.

Айта кетелік, 2016 жылдың 30 қаңтарында Жетісу ауданы, Айнабұлақ-3 ықшам ауданындағы 165-ші үй мекенжайында орналасқан №129 орта мектептің 11 мектеп оқушысы және екі ересек адам бұрышты газ бүріккішінен уланып қалған болатын.

Алматы қ. ІІД жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұрышты газ баллонын осы мектептің 8-сынып оқушысы 2001 жылы туған Пляскин К.А. есімді жасөспірім бүріккен.