Алматыда хабар-ошарсыз кеткен дәмхана қызметшісі табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жоғалып кеткен дәмхана қызметшісі Ақнұр Мәженова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда хабар-ошарсыз кеткен дәмхана қызметшісі табылды

Кеше ол туыстарымен байланысқа шығып, жаңа мекенжайын хабарлаған. Жеке бас себептеріне байланысты оны бұған дейін айта алмағанын жеткізген.

Қалалық Полиция департаменті А.Б. Мәженованың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін бастағанын әрі жедел-тергеу тобы құрылғанын еске салды.

БАҚ-та хабарланғандай, қаладағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген қыздан 7 қарашадан бері хабар болмаған.

Авторы: Данияр Дәуітәлиев