12:20, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматыда Халықаралық коучинг федерациясының Қазақстандағы тұңғыш конференциясы басталды
АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Халықаралық коучинг федерациясының (ICF) «Коучинг және ұйымдағы көшбасшылық» деп аталатын Қазақстандағы І Халықаралық конференциясы басталды.

Бұл шараға топ-менеджерлер, желілік менеджерлер, HR мамандары, кәсіби бизнес-жаттықтырушылары, ICF-тің кәсіби бизнес-коучтары, БАҚ өкілдері қатысуда. Оған «Step&Grow» коучинг академиясы Nokia, British Telecom, GlaxoSmithKline, Amgen, American Express, Maersk, Deloitte, Ernst & Young сияқты компаниялардың топ-менеджерлеріне тренинг өткізіп жүрген американдық халықаралық деңгейдегі үздік коуч-жаттықтырушы Марша Райнольдсты арнайы шақырып отыр. Ең алғашқы коуч-жаттықтырушылардың бірі саналатын ол ICF-тің ең жоғары сертификатталған шебер-коуч мәртебесін иеленген болатын. Бұл салада 30 жылдық тәжірибесі бар ол конференцияға қатысушылармен өзінің осы уақытқа дейін жинаған білімі мен жұмыс дағдыларын бөліспек.