Алматыда халықаралық мысықтар көрмесі өтеді

АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат - 6-7 қазанда  Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында халықаралық мысықтар көрмесі өтеді. Бұл туралы аталған шараны ұйымдастырушылар хабарлайды.
None
None

«6 және 7 қазан күндері «Мысықтар ғаламшары» Алматы фелинологиялық орталығы халықаралық мысықтар көрмесін өткізеді. Көрмеге 18 тұқымға жататын 115 түрлі мысық шығарылады. Мысықтардың түрлерін анықтап, оларды қуаттау үшін сараптама жүргізуге Бельгия мен Франциядан халықаралық санаттағы сарапшылар шақырылды», - делінген ақпаратта.

Сонымен бірге, көрме шеңберінде мысықтар арасында конкурс, үздік жануарлар шеруі, көрермендер үшін танымдық-көңіл көтеру бағдарламасы және мысықтар түрлерімен таныстыру жоспарланған.

Көрменің жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар