18:07, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда Халықаралық отбасы күні аталып өтілді
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ -Халықаралық отбасы күніне орай Әуезов ауданы әкімдігі мен 18-ші балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Энергетика және Электрондық технологиялар колледжінде ҚР-ның мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеш өткізу мақсаты - жастарға тәрбие мен өнеге берудегі отбасының маңызын дәріптеу, құндылықтарын насихаттау», - дейді шараны ұйымдастырушылар. Кездесуге ҚР мәдениет қайраткері, жазушы, журналист Темірхан Момбекұлы және Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, отбасы мәселесіне арналған жүздесулер айдың соңына дейін жалғаспақ.