16:18, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда І Республикалық PR-марафон басталады
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 24 қараша күні IX "The Eurasian PR-Event-2011" шарасы аясында І республикалық PR-марафон басталады.

Оны "Ренесанс" PR-агенттігі ұйымдастырып отыр. Қазақстанның 4 қаласында өтетін бұл форум 2 желтоқсанға дейін созылмақ. Жоба авторлары биыл Алматы, Астана, Атырау және Өскемен қалаларында қазақстандық және халықаралық сарапшылардың шеберлік дәрістері топтамасын жүзеге асырғалы отыр. Ол 24-і күні Алматыда - "IPO-ны алып жүрудегі PR және IR", 25-і күні Өскеменде - "Интегралданған маркетингтік коммуникация", 28-і Астана мен Атырауда - "Ереуіл кезіндегі коммуникация", 29-ы -"Мұнайгаз секорындағы PR", ал 2 желтоқсанда Алматы мен Өскеменде "Аймақтарда тиімді коммуникацияны ұйымдастыру" деген тақырыптар бойынша өтпек.