Алматыда информатикадан халықаралық олимпиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды - Л. Перовская

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатикадан мектеп оқушылары арасында өткен XXVII халықаралық олимпиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне аталмыш олимпиаданың қонағы, «Яндекс» компаниясының (Ресей) академиялық бағдарламаларының тәлімгері Лидия Перовская мәлімдеді.
None
None

«Мен талай осындай халықаралық олимпиаларға қатысып жүрмін. Менің пікірімше, бұл 27-ші олимпиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осыншама волонтерді көріп, мен қатты риза болдым. Барлығы да жылы шыраймен қарсы алып, қонақжайлық көрсетті. Олимпиаданың жоғары деңдейде өтуіне ұйымдастырушылар бір адамдай ат салысты», - деді Л. Перовская.

Сонымен қатар, Санкт-Петербургтен келген қонақ олимпиадада оқушыларға ұсынылған тапсырмалардың да өте бір теңдестірілген сипатта болғандығын айтты.

«Тапсырмалар әлемдік стандарттарға сай, сапалы әзірленген. Өте үйлесімді, жақсы теңдестірілген. Техникалық жағынан жақсы қамтамасыз етілді. Әрбір оқушының жарыс барысында өзін көрсетуге, нәтижесін жақсартуға мүмкіндігі болды. Мықтылар осындай жауапты шарада күйзеліске бой алдырмай, бар мүмкіндіктерін сарқа жұмсап, жақсы нәтижелерге қол жеткізді», - деді Л. Перовская.

«Яндекс» компаниясының өкілі Алматыға бірінші рет келіп отырғандығын және қаланың өзіне ерекше ұнағандығын жеткізді. Оның айтуынша, Медеу спорт кешеніне және «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайына жасалған саяхат жақсы әсер қалдырған.

Соңғы жаңалықтар