Алматыда инкассаторларға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Рем-Кран» ЖШС инкассаторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Қарақшылық шабуыл 8 мамырда Наурызбай ауданында орын алған болатын. Үш ер адам компанияның қызметкерін «Оса» травматикалық тапаншасымен жаралап, салдарынан 64 жастағы ер адам қаза болды.
None
None

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабына бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы шабуылға үш ер адамның қатысы барын анықтады.

«Олар ЖШС қызметкерлерінің жүру маршрутын анықтап, күзет шаралары қамтылмаған ұрымтал сәтті күткен. Қазір Алматы облысының 36 жасар және 31 жасар тұрғыны ұсталды. 36 жастағы Е есімді тұрғын осыған ұқсас қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке бұрын да тартылған. Үшінші адамның кім екендігі тексеріліп жатыр», - деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар