Алматыда ірі жол апаты: Трамвай 14 көлікпен соқтығысып қалды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін ірі жол апаты орын алды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда ірі жол апаты: Трамвай 14 көлікпен соқтығысып қалды (ФОТО)

Жол апаты бүгін таңертең сағат 10 шамасында Байтұрсынов пен Қарасай көшесінің қиылысында орны алды. Оқыс оқиға салдарынан 4 адам жапа шекті.

Қазір аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 1-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.

«Аталған іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы кешенді тергеуден кейін анықталады», - деді С.Әзірбек.