Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендерге барлық медициналық шығындар төленеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автобуспен орын алған ірі жол апатында зардап шеккен алматылықтарға барлық медициналық шығындар төленеді. Бұл туралы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді.

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендерге барлық медициналық шығындар төленеді

«Green Bus» ЖШС автобус кәсіпорны тасымалын басқаратын компания барлық зардап шеккен адамдардың медициналық тексерілуіне, оларды емдеуге жұмсалған шығындарды толықтай көтереді. Біз мұны бақылауға аламыз», - деді М. Исахов.

Басқарма басшысының деректеріне сәйкес апат салдарынан 11 адам зардап шекті, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. 2 адам, оның ішінде бір бала сынықтармен түсті.

«Жүргізушінің айтуынша, ол қысқа уақытта есін жоғалтқан. Жүргізуші ұйықтап кетті деуге негіз жоқ, себебі ол төрт күндік демалыстан шыққан. Ауысымға шығар алдында медициналық куәландырудан өтті. Автобус та техникалық тексерілді. Қазір жүргізушінің денсаулығы, автобустың техникалық жағдайы бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Еске салсақ, кеше, 3 тамызда Райымбек және Сүйінбай көшелерінің қиылысында ірі жол апаты орын алды.