11:33, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда қала әкімінің аппаратына жаңа басшы келді
АЛМАТЫ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімінің өкімі бойынша қала әкімі аппаратының жетекшісі болып Бақытжан Доспанов тағайындалды,
ол 1952 жылы туылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Б.Доспанов Қазақ политехникалық институтын (қазіргі К.Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ), одан кейін Орталық-Азиялық университетін бітірген. Тау-кен инженері және заңгер мамандықтарын алған. Ол 2006 ? 2007 жылдары қалалық тұрғын үй департаменті директорының бірінші орынбасары, 2008 жылғы мамырдан бастап Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы болған. Б.Доспанов Ербол Шормановтың орнына келді, ал Б.Шорманов қала әкімінің орынбасары қызметіне ауысты.