Алматыда Қала күні мерекелік отшашумен аяқталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қала күні Apple Fire мерекелік отшашуымен аяқталды. Биыл оңтүстік астананың 1000 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатыр.
Отшашу қаланың үш жерінде: Көктөбе, «Астана» алаңы, «Алматы арена» мұз сарайында болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайының ашылуына қатысқан еді.
Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды қаланың 1000 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл оқиғаның тарихи маңызы барын атап өткен болатын.