11:04, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматыда қала күніне арналған ең үздік символдың авторы 1 млн теңге алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала күнінің ең үздік символын жасаушыға 1 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Қалалық мәдениет басқармасы қаланың күніне орай байқау жариялады.
Байқауда кез келген адам бақ сынай алады. Өтінімдер қыркүйекке дейін қабылданады.
«Символ қаланың негізгі бет-бейнесіне айналады. Арт-нысанның авторы «I love Almaty» сөзін кез келген тілде жаза алады. Байқау жеңімпазы 1 млн теңге ұтып алады. 2, 3 орын иелері LED телевизор мен музыкалық аппаратураға ие болады», - делінген хабарламада.