Алматыда қалалық мәслихат сесссиясының шешімімен 2009 жылға арналған нақты бюджет айқындалды

sp;АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда 4-ші сайланған қалалық мәслихаттың ХХІІІ сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мәслихат хатшысы Төлеубек Мұқашевтың айтуынша,  оған 37 депутаттың 10-ы белгілі себептермен қатыса алмады. Сессияның күн тәртібінде бірінші боп "2009 жылға арналған  Алматы қаласының бюджеті туралы" 2008 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі мәслихаттың 14-ші сессиясының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.  Онда Экономика және бюдеттік жоспарлау басқармасының бастығы Лариса Васильева баяндама жасады. Депутаттар үстіміздегі жылғы қала бюджетінде кірістер - 264 миллиард 933 миллион 261 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 148,3 миллиард, салықтық емес түсімдер - 1,8 миллиард, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15,6 миллиард, республикалық бюджеттен түсетін трансфертер - 99,1 миллиард теңге, ал  шығындар - 261 миллиард 70 миллион 533 мың теңге деп бекіту туралы ұсынысты толық  мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар