Алматыда қар көшкіні астында қалған 2 адамның біреуі аман табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Құтқарушылар қардың астында қалған адамдардың біреуін шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Құтқарылған адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша оның иығы шығып кеткен. Екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған 31 маман, 8 техника, 2 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ, 1 дрон жұмылдырылды»,- деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін құтқарушылар «Молодежный» шыңында қар көшкінінің астында қалған екі адамды іздестіріп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Қазіргі уақытта ТЖД басшылығы мен Республикалық жедел құтқару жасағынан, Қазселденқорғау, құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында.


Соңғы жаңалықтар