Алматыда қар көшкінінің астында қалып қаза тапқан - Франция азаматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қар көшкінінің астында қалған екінші адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Екінші адамның денесі табылды. Оқиға орнында құтқарушылар тергеу тобын күтіп отыр»,- деп хабарлады ведомствадан.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.

«6 адам тауға шығып сырғанаған. Бұл көшкіннің шығуына себеп болды. Олардың бесеуі Франция азаматы болса, біреуі қазақстандық. Төртеуі аман. Қардың астында қалғандардың біреуі зардап шекті, екіншісі өкінішке орай қаза тапты»,- деді қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін құтқарушылар қардың астында қалған адамдардың біреуін шығарып алды. Ол аман.

Еске салайық, бүгін «Молодежный» шыңында көшкін жүріп, екі турист қар астында қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар